11 қаз, 2019 сағат 23:57

Денис Тен мемориалында Морис Квителашвили топ жарды

Алматыда мәнерлеп сырғанаудан өтіп жатқан Денис Тен мемориалында ерлер арасындағы бәсекенің жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Халықаралық турнирде грузиялық Морис Квителашвили жеңіс тұғырына көтерілді. Ол қоссайыс қорытындысы бойынша 244,98 ұпай алды.

Екінші орында - ресейлік Макар Игнатов (214,99), үшінші сатыда - эстониялық Даниэль-Альберт Науритс (210.68).

Қазақстандық Никита Манько 171.49 ұпаймен сегізінші орын иеленді.