#
#
Сенбі 14/12/2019

Денис Тен атындағы шәкіртақы тағайындалды

  • 20.11.2019
  • 0
  • 510

Алматыда Олимпиада жүлдегері, спортшы Денис Теннің атындағы шәкіртақы тағайындалды. Қазақстан Британ техникалық университетінің ректораты бұл қаржылай көмекті спорттан да, білімнен де үздік шыққан үш студентке беретін болады, – деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Айта кету керек, спортшы осы оқу орнының магистратурасында білім алған болатын. Салтанатты шараға спортшының анасы Оксана Тен шақырылды.

«Оқу орнының басшылығы өз күштерімен талантты жастарды қолдау үшін атаулы шәкіртақы беріп жатқаны көңіл қуантады. Денистің де арманы сол еді. Бұл шаралар ел жастарының спорт, білім саласында дамуына, жастардың бойындағы патриоттық сезімді оятуға ықпалын тигізері сөзсіз. Біз өз кезегімізде Қазақстанда мәнерлеп сырғанау өнерінің дамуына барынша үлес қосып жатырмыз. Жақында І Халықаралық турнир өткіздік» деді анасы.

Ал оқу орнының ректоры Кенжебек Ибрашев шәкіртақыны иеленуге 80 студент өтінім бергенін хабарлады. Арнайы комиссия олардың арасынан үздік 3 студентті таңдап алды.

«Денис Тен ҚБТУ Executive MBA Бизнес мектебінің магистранты болатын. Ол спорттағы ерен жетістіктеріне қарамастан, оқуда да қырағылық танытып, біздің студенттерге жан-жағынан үлгі бола білді. Сол үшін КБТУ кинозалына Денис Теннің есімін бердік. Endowment қорының көмегімен Денистің атындағы шәкіртақы тағайындауды шештік» деді Кенжебек Ибрашев.

Айта кету керек, Оңтүстік Кореяның Сеул қаласында 6-11 қараша арасында мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада жүлдегері Денис Теннің шығармашылығына арналған көрме өтті. Көрмеде түрлі халықаралық сайыстарда түсірілген фотосуреттер, қысқаметражды фильм көрсетілді.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться
БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар