#
#
Жексенбі 19/08/2018

Денис Тен атындағы қоғамдық қор құрылады

  • 09.08.2018
  • 0
  • 385

Қапыда ұрылардың қолынан қаза тапқан Олимпиада қола жүлдегері Денис Теннің анасы ұлының идеяларын жүзеге асыруға қатысты жоспарларын жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қиын күндері жан-жақты қолдау көрсеткен барша қазақстандықтарға Денистің отбасы атынан ризашылығын білдірген Оксана Тен ұлының атын мәңгіге қалдыруға қатысты көптеген идеялар мен ұсыныстардың болғанын айтты.

«Біз мемлекеттік органдармен бірге мұндай жұмыстарды бастап кеткенімізді қоғамға құлағдар еткім келеді. Денистің жоспарлары мен жобаларын жүзеге асыру үшін арнайы қоғамдық қорды тіркеу жүріп жатыр. Мәдениет және спорт министрлігінің, Алматы қаласы әкімдігінің басшылығымен жеке кездесу барысында бірқатар ұсыныс жасаған едік. Олардың барлығы да түсіністік тауып, қолдауға ие болды. Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі Денис Тен атындағы Мәнерлеп сырғанау академиясын ашуды жоспарлап отыр. Ал Алматы қаласының әкімдігі жыл сайын Денисті еске алуға арналған мәнерлеп сырғанаудан халықаралық турнир өткізуді өз мойнына алды», - деді Оксана Тен.

Оның атап өтуінше, Алматы әкімдігі қайғылы оқиға орын алған жерге Денистің ескерткішін орнату жобасын жүзеге асыруды қолға алмақ. Ол үшін арнайы комиссия құрылып, оның құрамына Денистің отбасының мүшелері де кіретін болады.Ккәсіби мүсіншілер арасында байқау жарияланады.

«Мұнан бөлек, әкімдік Денис дүниеге келіп, өмір сүрген үйімізге ескерткіш тақтасын орнатуға, Денис туралы кітап шығаруға көмектесуге уәде берді. Бүгінде Денистің достарымен бірге кітапқа арналған материалдарды дайындап жатырмыз. Таяу уақытта Денис Тен қорының кеңсесі орналасқан мекенжайды хабарлайтын боламыз. Біздің қасымыздан табылып, жан-жақты көмек көрсеткендердің барлығына алғысымыз шексіз», - деді Оксана Тен.

Сонымен қатар, ол Денистің идеялары нақты өмірде жүзеге асарына сенімді екендігін баса атап өтеді.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться
БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар