#
#
Жұма 05/06/2020

"Демократия - бұл билік үшін де, халық үшін де үлкен жауапкершілік"

  • 26.12.2019
  • 0
  • 1333

Бүгін Мемлекет басшысының төрағалығымен өткен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің екінші жиынында Қасым-Жомарт Кемелұлының келесі тезистері ерек ойландырып, санада қатталды:

- Демократия - бұл билік үшін де, халық үшін де үлкен жауапкершілік. Демократия даму һәм жасампаздық жолында қызмет етуі керек, ол бүлік пен берекетсіздікке жеткізіп, шаңырағымызды шайқалтпауы керек.

- Қоғам жаңа саяси өзгерістердің болғанын талап етіп отыр, біз оны анық білеміз. Өз ісімізде біз дамудың ең жоғарғы мақсаттарын ұстанамыз. Бұл жерде жалған популизмге жол берілмегені жөн.

- «Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі халық алдындағы жауапкершілікті сезініп, ел үмітін ақтауы тиіс. Реформалар тек реформа үшін жасалмайтынын түсінуіміз керек».

- «Біз тың бастамаларды жан-жақты ойластырып, нақты нәтижеге қол жеткізуіміз қажет. Бұл – өте маңызды.

Реформалардың басты мақсаты – даму бағытымыздан ауытқымай, оған тың серпін беру».

Президент "қазақстандық патриотизм - мақсатымыз бен тілегіміздің бір екенін, сондай-ақ тағдырымыздың ортақ екенін көрсету, еңбекке дайын болу, Отанымыздың гүлденуі жолында талмай тер төгу. Қазақстандықтар өз тарих миссиясын жұмылып атқаруы тиіс, сол арқылы біз - билік пен халықтың жасампаз диалог арқасында қандай да шекаралардан қиналмай өте алатынын көрсетеміз" деп, тайға таңба басқандай түсіндірді.

«Билік мемлекетіміздің дамуына, болашағына пайдасы тиетін кез келген оң өзгерістерге дайын. Ұлттық кеңес осындай жұмыста маңызды рөл атқаруы керек.

Өздеріңіз көріп отырсыздар, бұл жерде ел мен жер тағдырына қатысты аса маңызды, күрделі мәселелер ашық талқыланды. Кеңесте көтерілген түйткілді мәселелер қоғамда да қызу пікірталасқа түсіп жатыр.

Мұның бәрі халқымыздың саяси әрі құқықтық мәдениетінің артқанын айқын көрсетеді. Бірақ, мәселе тек саясатта ғана емес. Көп нәрсе адамдар арасында, отбасында, яғни күнделікті өмірде ұстанатын қарапайым құндылықтарға байланысты.

Шындығын айтқанда, бүгінде адамдар айналадағы толған агрессиядан, текетірестен шаршады. Сондықтан, жақсылықты молайтуымыз керек, ізгі ниетті болуды үйренуіміз керек.

Мейірімді, рақымды, бекзат болу – орнықты даму мен рухани өрлеудің қозғаушы күші болуы тиіс. Осы арқылы біз әділ қоғам мен өркениетті мемлекет құра аламыз.

Мақсаттарымызға бір халық болып, ынтымақ пен келісімнің арқасында жетеміз деп сенемін», - деп қорытындылады Президент.

Бұл шын мәнінде, күнделікті жұмысымызда қолдануға тиіс өте тамаша және мотивацияға толы сөздер.

Әсем Нүсіпованың фэйсбуктағы парақшасынан

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар