04 қаң, 2019 сағат 11:39

Демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы

Алдағы демалыс күндері Сібір антициклоны әлсіреп, шығысқа қарай шегіне бастайды, деп хабарлайды Қазгидромет.

Оның орнына Қазақстанға Ресейдің Еуропалық бөлігінің орталық аймағынан және Қара теңізден циклондар және онымен байланысты атмосфералық фронттармен жылы және дымқыл ауа массалары келеді. Сондықтан 5-6 қаңтар күндері республиканың басым бөлігінде ауа температурасы жоғарылайды. Бірақ атмосфералық фронттар батыстан шығысқа қарай жылжып, қар жауады, бұрқасын соғады. Батыстан күшті жел соғып, батыс және оңтүстік облыстарда көктайғақ және тұман күтіледі.