08 қар, 2019 сағат 10:13

Демалыс күндері күн суытады

Елімізде қайтадан күн суытады. Жаңбыр, қар жауып, көктайғақ болады, – деп хабарлайды Қазгидромет.

«Демалыс күндері Қазақстан аумағымен оңтүстік-шығыс бағыттағы атмосфералық ағындар көшеді, сондықтан көптеген облыстарда жауын-шашын, жаңбыр, қар жауып, көктайғақ болады, тұман түсуі ықтимал. Атлантикалық жылы ауа массаларының батыс бағытта жылжуы біртіндеп солтүстік-батысқа ауысады, соған байланысты арктикалық теңіздерден суық ауа массалары келетіндіктен елімізде тағы да күн суытады» делінген 9-11 қарашаға арналған ауа райы болжамында.