05 қаз, 2018 сағат 13:06

Демалыс күндері Қазақстанда қар жауады

"Қазгидромет" демалыс күндеріне ауа райы болжамын жасады.

Синоптиктердің болжамына сүйенсек, жайма шуақ күндерден кейін ауа райы күрт суытады.

Осы демалыста және алдағы аптада дүйсенбі күні – 6-8 қазан – күн әжептәуір салқындайды. Суық атмосфералық фронттар алдағы үш күнде еліміздің аумағы арқылы өтіп, басым бөлігінде жаңбыр жаууына әкеп соғады.

Ал оңтүстік-шығыстағы таулы аймақтарда қар аралас жаңбыр жаууы ықтимал.