16 ақп, 2018 сағат 11:55

Демалыс күндері Қазақстанда аяз күшейеді

«Қазгидромет» РМК Қазақстан аумағындағы алдағы үш күнге, 17-19 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Ведомствоның сүйенсек, Қазақстан аумағына Ресейдің Еуропа бөлігінен келетін антициклон ықпалы басым облыстарда демалыс күндері аязды ауа райы болады, қар жаумайды, күн ашық. Оңтүстік-шығыстың таулы өңірлерінде суық атмосфералық ағындардың әсерінен қар жаууы ықтимал.

Синоптиктер алдағы үш тәулікте ауа температурасы климаттық нормадан 2-4 градус төмен болатынын айтады.