12 шіл, 2019 сағат 11:45

Демалыс күндері елімізде ауа райы қандай болады?

Синоптиктер 13-15 шілде күндері Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазгидрометке сілтеме жасап.

«Ирак және Иран аумағынан көтерілген ыстық әрі құрғақ ауаның жылжып келуі Қазақстандағы аптап ыстыққа себеп болып отыр. Демалыс күндері республиканың көпшілік облыстарындағы ең жоғары ауа температурасы 35...40°С айналасында болады. Оңтүстік өңірлерде бұдан да ыстық болып, күндіз ауа температурасы 40...45°С-қа дейін көтерілуі мүмкін», - делінген хабарламада.

Шығыста аздап салқындау болады, жекелеген аудандарда жаңбыр себелеп өтіп, күндізгі ауа температурасы 25 до 35°С аралығында сақталады.

Қазақстанның батысында да кей аудандарда жаңбыр себелеп өтіп, найзағай ойнауы мүмкін, ыстық аздап басылады.