29 қар, 2019 сағат 14:30

Демалыс күндері қалың тұман түсіп, көктайғақ болады

Синоптиктер 30 қараша - 2 желтоқсан аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алдағы демалыс күндеріндегі ауа райын әдеттегідей Сібір антициклоны анықтайды. Сондықтан, республиканың басым облыстарында ауа температурасы орташа көпжылдық мәннен төмен және жауын-шашынсыз болады.

Ауа райының қауіпті құбылыстарынан бұрынғыдай түнгі және таңғы уақыттарда 50...500 м дейін анық көрінбейтін тұман түседі. Тек батыста және дүйсенбі күні Қазақстанның оңтүстігінде атмосфералық фронттардың әсерінен жауын-шашын жауады және көктайғақ күтіледі.