16 там, 2019 сағат 12:54

Демалыс күндері еліміздің басым бөлігінде күн салқындайды

Синоптиктер 17-19 тамызына арналған ауа райы болжамын жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

«Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты алдағы үш тәулікте Қазақстанның солтүстігінде, орталығында, шығысында және оңтүстік шығысында құбылмалы ауа райы сақталады, жаңбыр жауады, шығыс бөлікте кей жерлерде нөсер жауады, найзағай, желдің күшеюі күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал.

Еліміздің батыс, солтүстік-батыс және оңтүстігіне Ресейдің Архангельск аймағынан келетін антициклон ықпал етеді, соның әсерінен күн райы ашық болады, ауа температурасы біртіндеп 30…41°С дейін жоғарылайды», делінген хабарламада.