17 там, 2018 сағат 12:43

Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Алдағы демалыс күндері ауа райы жылы болады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазгидрометке сілтеме жасап.

18-20 тамызда Қазақстанның көптеген облыстарының ауа райына Түркіменстан аймағынан келетін жылы циклон оң әсерін тигізеді. Нәтижесінде еліміздің көптеген бөлігінде күн жылы болады.

Қазақстанның  кейбір жерлерінде күн күркіреп, жауын жаууы мүмкін. Температура солтүстікте, орталықта және шығыста түнде 13-23 дейін, күндіз 25-35 градусқа дейін жылы, оңтүстікте түнде 17-22, күндіз 28-26 грдус жылы ыстық болады.

Ал еліміздің батыста антициклон әсер етіп, түнде 7-15 дейін, күндіз 17-25 градус жылы ауа райы күтіледі.