22 мау, 2018 сағат 10:33

Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Синоптиктер алдағы демалыс күндеріне ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Қазақстанға Батыс Сібірдің солтүстік аймағынан суық әрі ылғалды ауа массасы қайта келеді. Бұдан бөлек, алдағы күндері республиканың оңтүстік және орталық өңірлеріне Ираннан келетін ыстық ауа массасы әсер етеді, сол себепті Қазақстан арқылы өтетін атмосфералық фронттар өзара шиеленіседі.

Осы құбылыстардың салдарынан демалыс күндері еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, қатты жел соғып, кей жерлерде бұршақ жауады және күн суытады.

Батыс өңірлерде ғана антициклонның әсерінен күн ашылып, ауа райы жауын-шашынсыз әрі ыстық болады. Ең жоғары ауа температурасы плюс 32-37°С, кей жерлерде 40-43°С-қа жетеді.