08 мау, 2018 сағат 11:01

Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

9-11 маусым күндері Қазақстанның басым бөлігінде күн жылы болады, кей жерлерде өткінші жауын жауады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазгидрометке сілтеме жасап.

«Төмен атмосфералық қысымға байланысты алдағы демалыс күндері Қазақстанның басым бөлігінде күн жылы болады деп күтілуде. Кей жерлерде өткінші жауын жауып, жел күшейіп, найзағай ойнайды» делінген хабарламада.

Ауа температурасы климаттық нормаға сәйкес болады, тек еліміздің Батыс өңірлерінде қалыпты деңгейден 1...2 градус төмен болады.