05 қар, 2019 сағат 16:39

Делидегі ауа сапасы: Жоғарғы сот үкіметті айыптады

Үндістанның Жоғарғы соты жергілікті және федералды билікті Делидегі түтінмен күресу үшін ештеңе істемейді деп айыптады, деп жазады ВВС.

Мамандардың айтуынша, Делидегі ауаның құрамындағы денсаулыққа зиянды ульрадисперлік PM2.5 бөлшектері қалыпты нормадан он есе көп.

«Қала билігі тек автокөліктердің жүруін шектеген. Жұп санына сәйкес күнде қалада нөмірі жұп санына аяқталатын көліктер, ал тақ күндері сәйкесінше тақ санды нөмірі бар көліктер жүре алады. Дели жыл сайын тұншығады және біз ештеңе істей алмай отырмыз. Мемлекет ештеңе істемей, бар кінәні басқаларға артып жатыр. Билік тек сайлау туралы ойлайды, ал қабылдаған шаралары тек қағаз үшін жасалған», - деді Жоғарғы сот мүшесі Арун Миша.

Сарапшылар да автокөліктерден шығатын газдың Делидегі түтінге әсері аз екенін айтқан. Ал медицина мамандары қала тұрғындарын үйден шықпауға, дене жаттығуын жасамауға кеңес берді.