29 қаз, 2016 сағат 12:09

Дәурен Абаев. Қанат - жастарымыз үшін патриоттықтың үлгісі

 

Қымбатты достар!

Талантты боксшымыз Қанат Исламның ганалық Патрик Аллотеймен жекпе-жегіне санаулы сағаттар қалды. Бокс кешін «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы тікелей эфирде көрсетуді жоспарлап отыр.

Қанат - жастарымыз үшін патриоттықтың үлгісі. Оның өзге елдегі зор мүмкіндіктерден бас тартып, атажұртына оралуын, сонымен қатар еліміздің атағын шығаруға талпынуын үлкен азаматтық деп білемін.

Осындай намысты жігіттеріміздің арқасында Қазақстан әлемге танылуда. Өскелең ұрпақ салауатты өмір салтына, спортқа құлшынуда.

Осының барлығы - биыл 25 жылдығын атап өткелі отырған қастерлі Тәуелсіздігіміздің жемісі.

Қанатқа және осы кеште бақ сынайтын басқа да боксшыларымызға сәттілік тілеймін!

Бүгін баршамыз бір кісідей спортшыларымызға қолдау көрсетейік.

Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаевтың фейсбуктегі парақшасынан