11 ақп, 2019 сағат 17:06

Дәрігерлер Шымкентте снарядтан зардап шеккен тұрғындар туралы айтты

Дәрігерлер жарылған снарядтан зардап шеккен 2 адамның жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Күндізгі сағат 11:00-лер шамасында қабылдау бөліміне екі науқас жеткізілді. Бірі 1984 жылы туған болса, екіншісі 1998 жылы туған. Екеуі жұмыс кезінде жарақат алған. 35 жастағы науқастың сол аяғы мен сол қолының жарақаттан кейінгі ампутациясы, сүйектерінің ашық сынуы болған. Оған жедел түрде ота жасалды. Науқастың сол аяғы мен сол қолының орта бөлігінен ампутация жасалып, ота аяқталды. Қазіргі таңда ол жансақтау бөліміне жатқызылып ем қабылдауда. Жағдайы ауыр. Ал, екінші 21 жастағы науқастың аяғына ота жасалды. Оның да жағдайы ауыр деп бағалануда», - дейді Шымкент қалалық жедел-жәрдем ауруханасының бөлім меңгерушісі Сәбит Байбосынов.

Еске сала кетсек, Шымкентте артиллериялық снаряд жарылып, 2 адам зардап шеккені туралы бұған дейін хабарлаған болатынбыз.