08 сәу, 2020 сағат 12:52

Дәрігерлер коронавирустан жазылып шыққандар туралы айтты - Алматы

Алматыда COVID-19-дан сауығып шыққан тағы екі пациент үйіне шығарылды. Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«31 жастағы ер адам және 30 жастағы әйел бұған дейін вирус анықталған пациентпен байланыста болған, екеуі де 13 наурызда Мәскеу-Алматы рейсімен ұшып келген. 31 жастағы жігіттің ауруы жеңіл өтті. Ал әйелдің ауруы орташа дәрежеде өтті. Оған оң жақты үстіңгі аймақтың бронх демікпесі деген диагнозы қойылды. Бүгін екі пациенттің де жағдайы жақсарып екеуі де 14 күндік үй карантиніне шығарылды», - деді басқарма басшысы. 

Жалпы Алматыда осымен 23 адам жазылып шықты.