12 там, 2019 сағат 15:50

Дариға Назарбаева Сенат депутаты болып қайта тағайындалды

ҚР Президентінің Жарлығымен Дариға Назарбаева Сенат депутаты болып қайта тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Дариға Нұрсұлтанқызы Назарбаева 1963 жылы Қарағанды облысының Теміртау қаласында туған.

1983 жылы М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің тарих факультетін, 1985 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің тарих факультетін бітірген.

1985-1987 жылдары - М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті тарих факультетінің тағылымдамадан өтуші-зерттеушісі.

1987-1990 жылдары - М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің аспиранты.

Саяси ғылымдар докторы, тарих ғылымдарының кандидаты.

1992-1994 жылдары - «Бөбек» балалар қайырымдылық қорының вице-президенті.

1994-1995 жылдары - «Қазақстан теледидары мен радиосы» республикалық корпорациясының вице-президенті, «Хабар» Ұлттық телевизиялық ақпараттық агенттігінің директоры.

1995-1998 жылдары - «Хабар» Агенттігі» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры.

1998-2001 жылдары - «Хабар» агенттігі» ЖАҚ-ның президенті.

2001-2004 жылдары - «Хабар» агенттігі» ЖАҚ-ның директорлар кеңесінің төрайымы.

2004-2007 жылдары - ІІІ сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Республикалық «Асар» партиясының тізімі бойынша сайланған депутаты, «Аймақ» депутаттық тобының жетекшісі.

2007-2012 жылдары - «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Қоры» қоғамдық қорының директоры.

2012-2014 жылдары Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы.

2014-2015 жылдары - ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары.

2015 жылғы қыркүйектен ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы болды.

2019 жылдың наурызынан ҚР Парламенті Сенатының төрағасы болды.

«Нұр Отан» ХДП саяси кеңесінің мүшесі. 2001 жылдан бастап Еуразиялық медиа форумының ұйымдастырушысы және ұйымдастыру комитетінің төрайымы. «Құрмет», «Парасат» орденімен және Франция Республикасының Әдебиет және өнер орденімен марапатталған. Ағылшын, итальян, неміс тілдерін меңгерген.