06 там, 2018 сағат 08:18

Данияр Елеусіновтің рейтингі 75 сатыға жоғарылады

Мажарлық боксшы Габор Горбичті (24-12, 14 КО) жеңген кейін Данияр Елеусіновтің  (3-0, 1 КО) танымал BoxRec.com сайтындағы рейтингі әп сәтте көтерілді, деп хабарлайды Sports.kz.

Жартылай орта салмақ дәрежесіндегі рейтингте ол 75 орынға көтеріліп, 256-орынға тұрақтады. BoxRec рейтингінде оның санаты бойынша WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы Теренс Кроуфорд (33-0, 24 КО) көш бастап тұр.

Еске сала кетсек, кеше (Уэльс) Ice Arena Wales алаңында өткен бокс кешінде Данияр Елеусінов Горбичті ұпай санымен жеңді.