10 там, 2018 сағат 13:51

Данияр Елеусіновтің келесі кездесуі өтетін күн белгілі болды

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов (3-0, 1 КО) Instagram парақшасында келесі жекпе-жегі шамамен қай кезде өтетінін айтты, деп хабарлайды Sports.kz.

«Келесі жекпе-жек қазан айына жоспарланған», - деп жазды боксшы.

Еске сала кетейік, жерлесіміз 4 тамыз күні Кардиффтегі (Уэльс) Ice Arena Wales аренасында өткен бокс кешінде мажарстандық Габор Горбичті (24-12, 14 КО) жеңген болатын. Төрешілер алты раундтың барлығында қазақстандық боксшының ұпайы саны басым болғанын көрсетті: 60-54. Дегенмен Данияр жекпе-жек қорытындысына көңілі толмай, кездесуді мерзімінен бұрын аяқтауды жоспарлағанын білдірген.

Содан кейін Елеусіновтің BoxRec.com сайтындағы рейтингі шарықтап, бірден 75 саты жоғарылады.