23 қыр, 2019 сағат 07:49

Данияр Елеусінов: Жақсы жаңалықтар әлі алда

Кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов (8-0, 4КО) жанкүйерлеріне жақсы жаңалық барын жария етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Менің жекпе-жегімді асыға күтетіндер үшін жақсы жаңалықтар әлі алда», - деп жазды боксшы Instagram парақшасында.

Айта кетсек, Олимпиада чемпионы соңғы жекпе-жегін 14 қыркүйек күні өткізіп, америкалық Решард Хиксті (12-1-1, 6КО) бірінші раундта нокаутқа жіберген болатын. DAZN Twitter-дегі парақшасында «Қазақтар жайындай жапырды, Вау!» деп таң қалысты. Ал АҚШ-та оны аты аңызға айналған Майк Тайсонмен салыстырды. Алдағы жекпе-жектерде Данияр чемпиондық атаққа таласады деп күтілуде.

Кәсіпқой рингтегі 8-інші жеңісінен кейін Елеусінов әлемдік рейтингте тоғыз сатыға жоғарылап, 161-ден 152-інші орынға жайғасты.