25 жел, 2018 сағат 12:48

Данияр Елеусінов титулдық және 10 раундтық айқастарға көшеді

Данияр Елеусіновтің (5-0, 3 КО) промоутері Эдди Хирн Matchroom Boxing компаниясының келер жылға құрған жоспарлары туралы мәлім етті, деп хабарлайды Sports.kz.

TalkSPORT.com журналисі Майкл Бенсонның айтуынша, Matchroom Boxing компаниясының келесі шоуы 30 наурыз күні Ливерпульде (Ұлыбритания) Echo Arena-да өтеді. Оған қатысушылардың құрамы алдағы айда белгілі болады. Хирннің жоспарына қарағанда, 2019 жылы промоушен шамамен 60 шоу және бес PPV негізіндегі бок кештерін өткізбек.

Елеусіновтің менеджері Зия Әлиев келер жылы титулдық және он раундтық кездесулерге көшу туралы айтқан болатын. Боксшы рингке көктемде оралады. Содан кейін жаз айларында өңірлік титулдар үшін күреспек.