22 шіл, 2017 сағат 14:33

Данияр Елеусінов: Мен Ұлттық құрамаға қайта оралдым

Рио-де Жанейро олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусінов бокстан Қазақстан ұлттық құрамасына қайта оралды. Бұл туралы Даниярдың өзі айтып берді, деп жазады ҚазАқпарат.

«Мен Ұлттық құрамаға қайта оралдым. Алла қаласа алдағы уақытта бұрынғыдай құрама сапында өнер көрсететін болам. Қазір Астанада отбасыммен бірге демалып жатырмын. Бұйырса дайындықты бастайтын күндерім де алыс емес», - деп атап өтті ол.

Сонымен қатар ол алдағы уақыта «қай салмақта өнер көрсетесіз?» деген сұрағымызға да кесімді жауабын берді.

«Мен «қазақтың салмағы» атанып кеткен 69 келіде Олимпиада чемпионы атандым. 4-5 жыл осы салмақта өнер көрсеттім. Алдағы уақытта да осы салмақта қала беремін», - деді Данияр Елеусінов.

Естеріңізге сала кетейік, Данияр Елеусінов Рио Олимпиадасынан кейін австралиялық MJA Entertainment промоутерлік компаниясымен келісімшарт жасасып, кәсіпқой боксқа ауысқан болатын. Алайда, олар уәдесінен тайып, кейін келісімнен бас тартқаны туралы хабарлағанбыз.