20 қар, 2018 сағат 11:27

Данияр Елеусінов келесі жекпе-жегі туралы видео жариялады

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов (4-0, 2 KO) әлеуметтік желідегі парақшасында келесі жекпе-жегі туралы видеожазба жариялады, деп хабарлайды Sports.kz.

Matchroom Boxing промоутерлік компаниясы Даниярдың 24 қараша күні Монте-Карлода (Монако) никарагуалық Карлос Мохикаға (16-2-2, 12 KO) қарсы рингке шығатынын мәлімдеген болатын. Қазақстандық боксшы алдағы кездесу туралы видеоны Инстаграмдағы парақшасында жариялаған.

Еске сала кетейік, алдағы бокс кешінде Даниярдан тыс, тағы бір қазақстандық боксшы Сұлтан Заурбек (1-0, 0КО) те өнер көрсетеді.