07 мау, 2019 сағат 12:32

Дания Еспаеваны қолдау мақсатында үш қалада автожарыс ұйымдастырылды

«Ақ жол» партиясынан президенттікке үміткер Дания Еспаеваны қолдау үшін еліміздің ірі қалалары Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкентте автожарыс өтті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" штабтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Шараны ұйымдастырушы - Дания Еспаеваның сайлауалды штабы. Акцияға барлығы жүздеген автокөлік қатысты. 

Елордада 30 ақ түсті машинадан тұратын тізбек өз жолын Мәңгілік ел даңғылындағы «Ақ жол» партиясының кеңсесінен бастады. Ұйымдастырушылардың сөзінше, машиналардың ақ түсті болуы бекер емес, ол «Ақ жол» партиясының атауымен тікелей байланысты.

Әр көлік Қазақстандағы тұңғыш әйел үміткерді қолдауға бағытталған жалауша, үгіт белгілерімен безендірілді. Көлік жүргізушілерінің маршруты елорданың орталық көшелері, көпір, даңғылдарды қамтыды. Жалпы алғанда, акция қатысушылары жүздеген шақырымды жүріп өтті.

Осындай автожарыс Алматы мен Шымкент мегаполистерінде де өтті.