09 мау, 2019 сағат 08:50

Дания Еспаева өз таңдауын жасады

«Ақжол» демократиялық партиясының атынан кезектен тыс президент сайлауына түсіп жатқан Дания Еспаева өз таңдауын жасады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Ақ жол» партиясының өкілі сағат  №66 мектепте орналасқан №113 сайлау учаскесінде дауыс берді. Дәл осы учаскеде таңертең тағы бір үміткер Жамбыл Ахметбеков дауыс берген болатын.

«Барлық кандидаттар сияқты бүгін мен үшін де маңызды күн. Бір ай бойғы ұйқысыз жұмыстың нәтижесі белгілі болады. Осы уақыт аралығында мені қолдап, үгіт жұмыстарын жүргізген штаб мүшелеріне, партияластарыма және халыққа алғыс айтқым келеді», - деді үміткер.