29 қар, 2017 сағат 11:50

Даниал Ахметов Семейге облыс статусын беруге қатысты әңгімелерге нүкте қойды

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Семей қаласының жеке облыс болатындығына қатысты әңгімелерге нүкте қойды. Бұл туралы өңір басшысы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпаратҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

«Бұл әрине, жай сөз, жалпы айтқан сөз. Меніңше, интернеттегі қысқа ғана хабарламаны жиі әсірелеп айтуға тырысамыз. Атап айтқанда, бірнеше ақсақал Семей өңірін қайта жеке облыс ету туралы өтініш білдірді. Бірақ, олай етудің ешқандай экономикалық тиімділігі жоқ», - деді Даниал Ахметов.

Облыс әкімі сонымен бірге, Семей шаһарында жүргізіліп жатқан жұмыстарға тоқталды.

«Президенттің тапсырмасымен Семей қаласына ауқымды түрде абаттандыру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Биыл ондағы 25 шақырым жолға жөндеу жұмыстарын жүргіздік. Егер соңғы 20 жылда жаз айында Семейде ыстық су болмады десе, біз бұл мәселені шешпейміз дегенді білдірмейді. Келесі жылдан бастап жазда ыстық суға қатысты түйіткіл болмайтынына кепілдік беремін. Біз экономикалық тиімділік және түсімдік база дегеннің бар екенін түсінуіміз керек. Бірақ, Семей қаласын көркейтудің жолын қарастырып жатырмыз. Оны бүкіл Семей халқы біледі. Бұл тек қана ыстық судың мәселесі ғана емес, Семей қаласының әуежайын да жөндеуден өткізіп жатырмыз. Облыс орталығының әуежайында ондай жұмыстар атқарылып жатқан жоқ. Сондықтан, бізге шынайы критерийлерге көшкен дұрыс секілді», - деп түйді Ахметов.