27 қыр, 2019 сағат 07:22

Данэлия Төлешова Еуразия сыйлығымен марапатталды

Қазақстанның жас әншісі Данэлия Төлешова Еуразиялық сыйлықтың лауреаты атанып, «Вокал» номинациясы бойынша марапатқа ие болды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Қазақстандық 13 жастағы әнші Еуразия шығармашылық одағының өнер, әдебиет, ғылым, спорт және әлеуметтік маңызды жетістіктер саласындағы халықаралық наградасын алған алғашқы бала болды.

«Бүгін мен Еуразия халықаралық сыйлығының лауреаты атандым, ұйымдастырушыларға көп рахмет», - деп жазды әнші Instagram-дағы парақшасында.

Сондай-ақ, Болат Аюханов, Зарина Алтынбаева, Еркеш Шакеев, Досым Сәтпаев, Сергей Шабуниндер де лауреат атанды.