#
#
Жұма 24/05/2019

Данэлия Төлешова: Димаштың ізгі әрекетіне таңғалдым

  • 14.03.2019
  • 0
  • 375

Қазақстандық әнші Данэлия Төлешова Американың жас таланттарға арналған The World's Best шоуының жартылай финалына өтпей қалуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мен үшін бұл шоу - өмірімдегі кезекті бір кезең. Көп нәрсені үйреніп, біраз нәрсені түсіндім. Тамаша адам әрі пианисшіні (Лидиана Надхасварама - авт.) шын жүректен құттықтаймын», - деп жазды Данэлия Төлешова шоудың жартылай финалда өнер көрсеткеннен кейін Инстаграмдағы парақшасында.

Сонымен қатар, жас әнші отандасы Димаш Құдайбергеннің «жас балалармен жарысудан» бас тартып, өз еркімен шоудан кеткен ізгі әрекетіне тәнті болғанын да жасырмады.

«Димаштың ізгі әрекетіне таңғалдым. Бүкіл әлем оның нағыз ер-азаматқа лайықты шынайы әрекетіне лайықты баға береді деп ойлаймын. Біз әртістің өміріндегі ең бастысы шығармашылық екендігін дәлелдедік. Сахнаға және әніңді айтып беретін адамдарға деген махаббатпен ештеңе де салыстыруға келмейді. Шындығында да бұл осылай. Сіздің Кремльде өтетін концертіңіздегі кездесуімізді тағатсыздана күтемін», - дейді Данэлия Төлешова Димашқа арнаған жазбасында.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар