20 қар, 2018 сағат 18:16

Данэлия Төлешова Беларусь президенті Александр Лукашенкомен кездесті

Беларусь президенті Александр Лукашенко Тәуелсіздік сарайында «Junior Eurovision-2018» ән байқауының қатысушыларымен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат БЕЛТА агенттігіне сілтеме жасап.

Қазақстандық жас әнші Junior Eurovision-2018 ән байқауында еліміздің намысын қорғау үшін жақында Минскіге жеткен болатын.

«Сіздер қазірдің өзінде жеңімпазсыңдар», - деген Беларусь президенті осынау ірі халықаралық байқауда өз елдерінің намысын қорғауға келген жас таланттарға сәттілік тіледі.

«Мұнда тек ең мықты әнші жеңіске жетеді», - деді Александр Лукашенко.


Мемлекет басшысы байқаудың қатысушылармен қызу әңгіме өрбітіп, кездесудің өзі хаттама аясынан тыс сипатқа ұласып кетті. Кездесуге сонымен бірге, өткен жылғы байқаудың жеңімпаздары Ксения Ситник, Ольга Сацюк пен Лидия Заблоцкая келген. Байқаудың қатысушылар Александр Лукашенкоға «балалар Еуровидениесі» әнұранының үзіндісін орындап берді. Кездесу соңында балалар Белорусь көшбасшысымен бірге фотосуретке түсті.