21 сәу, 2017 сағат 08:58

ДАИШ Париждегі лаңкестікті өз мойнына алды

«Ислам мемлекеті» экстремистік тобы (ДАИШ - Қазақстан және өзге де бірқатар мемлекеттерде тыйым салынған) Париж орталығындағы Елисей алаңында бір полицейді өлтіріп, екі адамды жаралаған қаскөй «өз жауынгерлерінің» бірі болып табылатынын мәлім етті, деп хабарлады Би-Би-Си Орыс қызметі.

Париж прокуроры Франсуа Молен шабуыл жасаушының тұлғасы анықталғанын, бірақ оның сыбайластарының бар-жоғы белгілі болмайынша, есімі жарияланбайтынын атап өтті. Оның Париж шығысындағы үйінде тінту жұмыстары жүріп жатыр.

«Ислам мемлекеті» атынан жарияланған мәлімдемеде Елисей алаңындағы шабуылды бельгиялық Әбу Юсефтің жасағаны айтылған.

Франциялық BFMTV телеарнасының хабарлауынша, шабуыл жасаған ер адам - 39 жастағы Франция азаматы. Ол француздық арнайы қызметтерге жақсы таныс және ол полицейлерді өлтіргісі келетін пиғылы туралы Telegram мессенджерінде талқылап келген.

Франциия президенті Франсуа Олланд Елисей алаңындағы шабуылды терракт деп атады.