11 шіл, 2017 сағат 13:03

ДАИШ әл-Бағдадидың қайтыс болғанын хабарлады - БАҚ

ДАИШ өз лидері Абу Бакр әл-Бағдадидің қаза тапқанын жариялады. Бұл туралы "Ас-Сумария" телеарнасы өз дереккөзіне сілтеме жасап хабарлады. 

Оның айтуынша, әл-Бағдадидің қайтыс болғаны туралы мәлімдеген лаңкестер жаңа басшының есімін жариялаған. 

Осыған дейін ирандық БАҚ лаңкестердің көшбасшысының қаза тапқанын дәлелдейтін суреттерді таратқан болатын. 

Ресей Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, әл-Бағдади Ресей Федерациясының мамырдың соңында жасаған әуе соққысында қаза тапты. Сонымен қатар, сол кезде 300-ге жуық лаңкес қаза тапқан.

kaz.tengrinews.kz