25 мам, 2020 сағат 14:10

Covid-2019: Алматыда күнделікті өсім 1,7 пайыз болды

Алматыда коронавирустық инфекцияның күнделікті өсімі 1,7 пайызға жетті. Бұл туралы қаланың бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин онлайн брифинг барысында айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Оның айтуынша, қалада вирус жұқтырғандардың саны 2201 адамға жеткен. 

«Оның 84,3 пайызы ауырған адаммен байланыста болғандар. Жазылып шыққандардың саны 1319-ға жетті. Кеше 37 жаңа жағдай тіркелді. Өсім көрсеткіші 1,7 пайыз болды. Сондықтан, бүгіннен бастап азық-түлік базарлары, қоғамдық тамақтану орындары ашылды. Қонақүйлер іске қосылды. Ауданы 500 шаршы метр асатын сауда орталықтары жұмысқа қосылды», - деді Жандарбек Бекшин.