26 нау, 2020 сағат 17:05

COVID-19: 25 жастағы пациент Нью-Йорк-Мәскеу-Алматы рейсімен ұшып келген

25 жастағы пациент Нью-Йорк-Мәскеу-Алматы рейсімен ұшып келген. Бұл туралы Алматыдағы эпидемиологиялық ахуал туралы қалалық Қоғамдық денсаулықты сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев онлайн брифинг кезінде айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Оның айтуынша, жаңадан анықталған пациенттердің бірі — 25 жастағы науқас 21 наурызда Нью-Йорк - Мәскеу - Алматы рейсімен ұшып келген.

«Ал қалған адамдар КВИ расталған адамдармен байланыста болғандар. Барлық пациенттердің жай-күйі қанағаттанарлық. Қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханаларында қазір 40 пациент бар, оның ішінде екеуі – бала. 38 пациенттің жай-күйі – қанағаттанарлық, 1 баланың жағдайы орташа дәрежеде, біреуінде – жағдайы ауыр, ентігуіне байланысты өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр. Бүгінде провизорлық госпитальдарда карантинде 938 азамат, оның ішінде 56 бала бар. Карантиндегі барлық адамның температурасы қалыпты жағдайда», - деді Тілеухан Әбілдаев.