#
#
Жұма 03/04/2020

Чемпиондар лигасы: «Боруссия» «Пари Сен-Жермен» командасын тізе бүктірді

  • 19.02.2020
  • 0
  • 156

19 ақпанға қараған түні 2019/20 жылғы УЕФА Чемпиондар лигасы 1/8 финалының алғашқы ойындары өтті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Дортмундта «Боруссия» Францияның жұлдызды «Пари Сен-Жермен» командасын қабылдады. Ойын көпшілік күткендей, қонақтардың жойқын шабуылдарымен басталды. Бірақ олар 1-таймда гол соғу былай тұрсын, қақпаға соққы бағыттауға мүмкіндік таба алған жоқ. Есесіне 2-таймның 69-минутында «аралардың» 19 жастағы дарынды шабуылшысы норвегиялық Әрлиң Брәут Холанн есеп ашты. 75-минутта Томас Тухель шәкірттері соған сай жауап берді: Килиан Мбаппе үш қорғаушыны алдып өтіп, оңтайлы орында тұрған Неймарға пас берді. Ал бразилиялық шабуылшы бос қақпаға еш қиындықсыз гол салды. Бірақ арада екі минут өтер-өтпесте Холанн алыстан шірене теуіп, есепті еселей түсті.

Қарымта ойынды париждіктер өз алаңында өткізеді. Жанкүйерлері қолдап тұрғанда, бүгінгі 2-1 есебіндегі жеңілістен кейін де олардың ширек финалға шығу мүмкіндігі аз болмас. Бірақ бүгін сары қағаз алуына байланысты, Париждің екі белді ойыншысы – Марко Верратти мен Тома Мөнье келесі ойынға қатыса алмайды.

Осы ойынмен қатар, Мадридтегі «Ванда Метрополитано» стадионында жергілікті «Атлетико» мен Чемпиондар лигасының қазіргі жеңімпазы, Англияның «Ливерпуль» командасы бақ сынасты. Бұл ойында «Атлетико» өз стилінде жеңіске жетті. 4-минутта Сауль Ньигес есеп ашты. Ары қарай, «үндістер» Юрген Клопп шәкірттерін өз қақпасына жолатқан жоқ. Қайта өздері арагідік қарсы шабуылдар жасап отырды. Ойын тағдырын ерте соғылған сол жалғыз гол шешті.

Бүгін жанкүйерлерді «Аталанта» - «Валенсия», «Тоттенхэм Хотспур» - «Ред Булл Лейпциг» ойындары күтіп тұр.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар