15 мам, 2019 сағат 17:17

Сәдібек Түгел Досым Сәтпаевты қазақша үйренуге шақырды

Президенттікке кандидат Cәдібек Түгел саясаттанушы Досым Сәтпаевтің сайлауға қатысты айтқан сыни пікіріне жауап берді. 

"Саясаттанушы Досым Сәтпаевтің Президент сайлауына қатысты айтқан жазбасын фейсбук желісінен оқыдым. Әркімнің өз ойы, пікірі бар. Оған шектеу жоқ. Дегенмен, бұл пікірмен толықтай келісе алмаймын" дейді ол.

Сәдібек Түгел саясаттанушыға қарсы өз ойын айта келе, қазақ тілі мәселесіне назар аударуға шақырды. 

Кандидат тіл тақырыбы төңірегіндегі қордаланған мәселелерді бірге шешіп, атсалысуға үндеді.