21 там, 2019 сағат 14:26

БЖЗҚ «Қазақстан темір жолының» облигацияларын сатып алғанын жоққа шығарды

ҚР Ұлттық банкі Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) және басқа да қорлардың активтерін басқарушы ретінде «Қазақстан темір жолы» облигацияларын сатып алған жоқ. Бұл туралы БЖЗҚ-дан мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Қазақстаның Ұлттық банкі БЖЗҚ және өзге де қорлардың активтерін сенімді басқарушы ретінде 20 тамыз күні Қазақстан қор биржасында өткен «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ-ның (KZ2C00005866) 40,0 млрд теңге сомасына облигацияларын 15 жыл мерзімге орналастыру бойынша сауда-саттыққа қатысқан жоқ», - деп хабарлады БЖЗҚ баспасөз қызметінен.

20 тамыз күні Қазақстан қор биржасының (KASE) сайтында жылдық кірістілігі 2 пайызбен «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясының 40 млрд теңге сомасындағы облигацияларын 15 жыл мерзімге орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өткізілгені хабарланған еді.

Жекелеген интернет-пайдаланушылар аталмыш облигацияларды БЖЗҚ сатып алуы мүмкіндігі туралы болжам жасады.