#
#
Сенбі 21/07/2018

Бұрынғы вице-министр "Хабар" агенттігінің басшысы болып тағайындалды

  • 11.05.2018
  • 0
  • 535

Бұрынғы ақпарат және коммуникациялар вице-министрі Алан Әжібаев "Хабар" Агенттігі" АҚ басқарма төрағалығына тағайындалды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" агенттіктің сайтына сілтеме жасап. 

Мұның алдында бұл орында Алмагүл Ахметжанова екі жыл отырған болатын. 

Алан Әжібаев 1974 жылы 22 қаңтарда Алматы қаласында дүниеге келген. 1996 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін бітірген. 1994 жылғы тамыз айынан 1995 жылғы қыркүйек айына дейін "Макс" телерадиокомпаниясында радиожүргізуші болып жұмыс істеген. 1995 жылғы қыркүйектен 1997 жылғы тамыз айына дейін "31 арна" телерадиокомпанияда теле-радиожүргізуші болып қызмет етті. 1997 жылғы қыркүйек айынан бастап 1998 жылғы қыркүйек айына дейін "Телерадиокомпания "City" ЖШС бағдарламалық директоры болды. 1999 жылғы ақпаннан 1999 жылғы қыркүйек айына дейін "Караван радиосының" директоры. Кейінірек жеке кәсіпкерлікпен айналысқан.

2008 жылғы ақпан айынан бастап 2010 жылғы қаңтарға дейін "Таң" Телерадиокомпаниясы" ЖШС-ында бас продюсер болып еңбек етті. 2009 жылғы желтоқсан айынан бастап 2012 жылғы мамыр айына дейін - "Тенгри ФМ" радиосының бас продюсері. 2012 жылғы маусым айынан 2014 жылғы қаңтар айына дейін "SKYMAX MEDIA" ЖШС бас директоры. 2014 жылдың ақпан айынан 2016 жылдың тамыз айына дейін "Айқын" және "Литер" қоғамдық-саяси газеттерінің директоры. Медианарықтағы жұмыс өтілі - 20 жыл, оның ішінде басшылық қызметте 10 жыл еңбек еткен.

Бірнеше рет журналистика және телерадиохабар тарату бойынша түрлі халықаралық семинарлар мен көрмелердің қатысушысы болған, Ланкшир Университетінің (Ұлыбритания) "БАҚ Менеджменті" сертификатының иегері. 2016 жылғы қаңтар айынан Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі жанындағы Қоғамдық Кеңестің мүшесі болған, Қазақстан Республикасы Президенті алғысының иегері, "Нұр Отан" партиясының мүшесі. БАҚ-тың барлық бағыттарында етене еңбек еткен, теле-радиокомпаниялар жұмысындағы стратегиялық тұжырымдамалардың әзірленуіне және іске асырылуына тікелей атсалысқан тәжірибелі маман.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар