15 мам, 2019 сағат 11:22

Бұлтты технологияның болашағы қандай?

Жақын арада толықтырылған шынайылық бұлтты қызметіне тәуелділігіміз артатын түрі бар. Бұл өз кезегінде осы технологияның дамуына және кеңінен тарауына түрткі болмақ.  

Алдағы уақытта түрлі компаниялар бұл технологияға өз атауын беріп, таңбалауға тырысатынын байқауға болады (мысалы, Microsoft компаниясының Azure платформасы, Magic Leap компаниясының «Magicverse» концепциясы және тағы басқалары). Соның арқасында бұл компаниялар нарықта бірегей қызметтер мен тәсілдемелер ұсына алады.  

Бірақ жалпы барлығының түбі бір – бұл тасымалы құрылғылармен байланысты бұлтты қызметтегі дерекқор. Ол толықтырылған шынайылық құрылғыларын бізге жаңа дүние ашатын қақпаға айналдырады.

Осы бастауда жағымды бір жайт, кейбір басшылар толықтырылған шынайылық бұлтты қызмет жүйесін ашық ұстауды ұсынған. Осыны технологиялық салаларға қатысы бар қауым да қолдап отыр.

Бірақ ақшаға тірелгенде, жағдай мүлдем өзгеруі мүмкін. Ашығын айтқанда, ойын-сауық саласы немесе кәсіпкерлік болсын, толықтырылған шынайылық бұлтты қызметі зор пайда табуға жаңа мүмкіндіктер беріп тұр.

Толықтырылған шынайылық бұлтты қызметіне кіру үшін төлемдер, сондай-ақ онда қосымшалар сатып алу мол табыс алуға жол ашады. Қазірдің өзінде Cognitive3D секілді осы технологиямен істеу әдісін жіті талдайтын компаниялар бар.  

«Осындай ашық платформа бағдарламалық жасақтама шығарушылары үшін тиімді болуы мүмкін. Мәселен, Uber қызметі толықтырылған шынайлықтағы көшеде такси шақыру түймешігін орната алады. Немесе концерт афишасына «Билет сатып алу» түймешігін көруіңізге болады », - дейді Spatial компаниясы құрылтайшыларының бірі Ананд Агаравала.

 «Алдағы бірнеше жылда бұл біраз саланы өзгертеді деп санаймын. Қаланың іші толған жарнама. Енді елестетіп көріңізші, соның бәрі жоғалып, «Ерекше пікір» фильміндегідей цифрландырылған әрі жеке әр адамға арналған жарнамаға айналды делік. Бұл маған қатты ұнап тұр деп айта алмаймын. Дегенмен болашақта Инстаграмыздың толықтырылған шынайылықтағы нұсқасы осындай жарнамаларға негізделетін көресіз».

Дерекқор құрып, оны дамыту үшін қыруар қаржы қажет. Сондықтан алғашқы толықтырылған шынайылық бұлтты қызметтері өзара жақсы байланысқан ауқымды желі болмасы анық. Оның орнына көптеген дербес бұлтты қызметтер пайда болады.

Әрқайсысының өз орны болады. Кейбіреуі интернетті құрған тұлғалардың этикалық ережелерін сақтап,  ашық әрі тегін түрде қызмет етеді. Енді басқа біреулері шектеулі түрде қызметін қолдануға мүмкіндік береді. Ай сайын жарна төлеп, қызметіне жазылуды сұрайтындары да болады.

«Қаланың іші толған жарнама. Енді елестетіп көріңізші, «Ерекше пікір» фильміндегідей, соның бәрі жоғалып, цифрландырылған әрі жеке әр адамға арналған жарнамаға айналды делік. Бұл маған қатты ұнап тұр деп айта алмаймын. Дегенмен болашақта Инстаграмыздың толықтырылған шынайылықтағы нұсқасы осындай жарнамаларға негізделетін көресіз» - дейді Spatial компаниясы құрылтайшыларының бірі Ананд Агаравала.

Қажет кезде осы бұлтты қызметтер арасында әрекеттесудің тәсілдері болады. Бірақ әрқайсысы дербес болғандықтан, ол телеарналар мен фильмдер көретін әдетімізге ұқсас болатын түрі бар. 

Қазірде цифрлік контент қалай пайдаланатын қарастырайық. Кейбір адамдар пираттық файлдар арқылы күнделікті музыка тыңдап, телешоу көреді. Біреулер мемлекеттік радио және телеарналарды пайдаланып жүр. Ал енді басқалары жоғары сапалы әрі жақсы қорғалған  Spotify, Pandora, Netflix, Hulu секілді қызметтерді пайдалану үшін ақша төлеуді жөн көреді. Толықтырылған шынайылық бұлтты қызметтері де дәл осылай болмақ.  

Сонда біз қалай таңдау жасаймыз? Меніңше қауіпсіздігі мен қолайлығына назар аудару қажет. Егер өз деректеріңіздің сақтығын уайымдасаңыз, онда қорғанысты қамтамасыз ететін қызмет түрі үшін ақша төлегеніңіз дұрыс болар. Мен жуырда бұл жайында Apple компаниясының жаңа Apple Card service қызметін мысалға келтіріп, жазған болатынмын.  Ол ең алдымен тұтынушыларының  жеке мәліметтерін құпия сақтайтыны үшін ақша алатынын түсіндірдім.

Perkins Coie компаниясы наурызда 200 стартап басшылары арасында сауалнама жүргізген. Оған қатысқандардың 61 пайызы осы технологиялардың дамуына қатысты жеке мәліметтердің қауіпсіздігі мен тұтынушылардың құпиялық мәселесіне алаңдаушылық білдірген.  

Кеңінен тарамағандықтан, қалың жұртқа мұны түсіну әлі қиын шығар. Сондықтан мынадай жағдайды қарастырайық. Сіз күні бойы ыңғайлы әрі камерамен жабдықталған құрылғыны көзіңізге тағып жүрсіз дейік. Ол құрылғы смартфоныңыз секілді қай жерде болғаныңызды және қандай сауда жасағаныңызды белгілеп отырады. Бірақ бұл смарт-көзілдіріктің маңызды бір ерекшелігі - ол қызмет көрсетушілер мен сатушыларға иесі жайлы мол мағлұмат бере алады.

Мәселен, саудаңыз, барған жеріңіз бен кірген сайттарыңызды тіркеумен қатар толықтырылған шынайылық көзілдірігі нақты қайда қарағаныңызды қадағалап отырады. Маркетологтар тұтынушының көз қимылын аңду қажеттігін жиі айтып тұрады. Енді нағыз осы мүмкіндікті беретін құрылғы бар, көз қимылын қадағалайтын технологиямен жабдықталған көзілдірік тұтынушыны не қызықтыратынын біле алады.

Осыдан қай бұлтты қызметке сене аласыз деген сауал туындайды. Мәселен ол үйде мен кеңседегі тіршілігіңізді білгісі келетін хакерлерден көзілдірігіңізді сақтап алатын шығар. Бірақ өздері де сіздің отбасымен отырғаныңызды анда санда көріп тұрмайтынына көз жеткізген жөн.

200 стартап басшылары арасында жүргізілген сауалнама, 61 пайызы осы технологиялардың дамуына қатысты жеке мәліметтердің қауіпсіздігі мен тұтынушылардың құпиялық мәселесіне алаңдап жүргенін көрсеткен. 

Егер бұған нанбасаңыз, онда Bloomberg агенттігі жүргізген зерттеуін қарастырайық. Ол Amazon компаниясының қызметкерлері Amazon Echo құрылғылары иелерінің жазбаларын тыңдайтынын анықтаған. Мұны дауыспен басқарылатын Alexa көмекшінің қызметін жетілдіру үшін жасаған екен. Бірақ қай мақсатта болмасын, үйіңіздегі дауыспен басқарылатын құрылғыға жазылған жеке әңгімелеріңізді басқа біреулердің тыңдауға мүмкіндігі бар екені анық.

Айтарлықтай зияны жоқ сияқты. Дегенмен осындай құпиялық бұзу жағдайы алаңдаушылықты тудырып отыр. Өйткені толықтырылған шынайылық бұлтында смарт-көзілдірігіңізге осыған ұқсас қызмет түрі ұсынылады. Көмекшіңіз күнделікті өмірде қайда қарағаныңызды бейнетаспаға жазып алып, көз қимылыңызды аңди алады. Сонда біз бұл ақпаратты кімге сеніп, тапсыра аламыз?

Айтқан сөздеріміз түрлі дүниеге қатысты көзқарасымызды білдіреді. Бірақ пікір айтпас бұрын, біз оны ой елегінен өткізіп, саралаймыз. Ал дерек жинайтын құралдар көзімізге түскен бүкіл адам мен затты жазып жүрсе, осы қызметке күшті сеніміміз болуы керек.  

Көбісі 5G жылдамдығы және керемет қосымшалардың көмегімен толықтырылған шынайылық бұлтты қызметі алдағы уақытта жетілдірілетінін айтып жүр. Бірақ бұл тұрғыда ең құнды қасиеті  – сенімділік болмақ. Құпиялықты сақтау мен қауіпсіздікті басты орынға қойып, қалың жұрттың сеніміне ие болатын бұлтты қызмет өзгелерден озатыны сөзсіз.