02 сәу, 2018 сағат 10:03

"Бұларға салсақ, қазақтан өткен сорлы, бейшара әлемде жоқ екен..."

Мен түсінбейтін бір әңгіме бар...

Рас, Қазақстандағыдай аштық басқа түркі республикаларында болған жоқ. Адам шығыны жөнінен біздерге ең ауыр тигені де рас. Менің айтпағым репрессиялар туралы.

Көп таралған әңгіме: қазақтар бір-бірін көре алмайды, бір-біріне жауыз болған, бір-біріне басқалармен салыстырғанда көбірек "донос" жазған дейді. Бұларға салсақ, қазақтан өткен сорлы, бейшара әлемде жоқ екен. Осы қайдан шыққан? Оны кім айтты?

Мен әдейілеп Өзбекстан, Әзірбайжан, Тәжікстан деректерін көріп шықтым. Олардағы жағдай да шамамен біздікіндей. Зары да біздерге келеді. Республикалардағы адам санына шақсақ, біздерде олардан көп адам атылмаған, шамасы біздікіндей.

Сонда біз неге өзімізді өзіміз қорлаймыз кеп? Өзімізді-өзіміз неге жиіркенішті етіп көрсетеміз?Сталиндік түрме түгілі, бүгінгі түрмеге түссең, үш күн тепкіден кейін туған әкеңді жау, туған шешеңді тыңшы деп өзің ұстап бересің. 

Байқағаным, сталиндік репрессияның қазақы үлгісі не варианты болмаған. Басқаша десеңіздер, маған санмен, дерекпен дәлелдеп беріңіздерші!

Айдос Сарымның фэйсбуктағы жазбасынан