24 қар, 2019 сағат 21:14

"Бұл - теңдесі жоқ, тамаша жетістік!" - Президент Ержан Максимді құттықтады

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жас дарын Ержан Максимді «Junior Eurovision» ән байқауындағы жүлдесімен құттықтады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Ержан Максим беделді «Junior Eurovision» ән байқауында жүлделі екінші орынға ие болды. Бұл - теңдесі жоқ, тамаша жетістік! Сені, ата-анаңды және ұстаздарыңды осындай маңызды жеңіспен құттықтаймын. Алар асуларың биік болсын! Алға!», - деп жазды Президент twitter парақшасында.

Еске салсақ, Польшада өткен «Junior Eurovision-2019» ән байқауында бақ сынаған қазақстандық Ержан Максимнің екінші орын алғаны туралы хабарлаған болатынбыз.