27 қаз, 2017 сағат 09:01

Бұл шешім – қазақ ұлтының рухани беталысын анықтайтын шешім

Бүгін, Қазақстан Республикасы Президенті өз Жарлығымен «Елімізде латын графикасына өту» жөнінде шешім шығарды.

Бұл қадам, Қазақ елінің Тәуелсіздік алғаннан кейінгі ең маңызды, біздің ұлттық кодқа тікелей тағдырлық әсері бар шешім!

Осынау шешім, Қазақ ұлтының, біздің халықтың рухани-гуманитарлық беталысын, бағытын анықтайтын бірден-бір жол.

Бүгінгі заманымыздың басты тенденциясы – инновацияларды еселене пайдалану мен ноу-хау, дәстүрлі емес энергияны пайдалану, қоғамдық даму мен әлеуметтік модернизациялаудың басты өзегі болып табылады. 

Біздің балаларымыздың осындай жылдам да, өзгермелі уақытта өмір сүруге қабілетті болуы жеткіліксіз, олар осы оқиғалар мен үдерістердің қайнаған ортасы мен топ басында болуы шарт.

Сондықтан да, латын әрпін енгізу ұлтымыз үшін маңызды, өте қажетті, уақыт талабына сай келетін жаңа атрибут! 

Осы тұрғыда, латын графикасын енгізу мәселесінде ұлт болып, қоғам болып ат салысатын уақыт жетті!

Дәл қазір әр-бір азамат өз азаматтығын көрсетуі қажет.

Графика дегеніміз қатып қалған догма емес, «керуен жүре түзеледі», уақыт пен заман үрдісіне қарай әліпби де өзгеретін болады.

Қазіргі мәселе, осы саяси, гуманитарлық қадамды қолдау! 

Бүгінгі елімізге ұлтты жұмылдыра алатын, замануи ағымға сәйкес, жаңа бағыттағы рухани ағым қажет. 

Латын қарпін енгізудің ең басты мәйегі мен өзегі, оның басты драматургиясы осында жатыр! 

Жаһандану процессі өзінің жағымды жақтарымен қатар, ұлттық мәдениетті коррозияға ұшырата отырып, рухани әлемімізге өшпес сызат түсіретіндігін көрсетіп отыр!

Осындау рухани алапаты көп заманда өмір сүріп қана қоймай, қарышты даму үшін әрдайым даму үстінде болу шарт. 

Біз әлемдік мәдени кеңістігінде рухани-мәдени «геттоға» айналмауымыз керек! 

Латын әрпін енгізудің мән-жайы осындай күрестен туады!

Латын әрпі – біздің дәстүрлі мәдениетімізді дамытудың, әлемдік ғылыми айналымға ену жолындағы «рухани лифті», іргетасы болмақ.

Біз азаматтарымыздың болашағын қолдайтындықтан, латын қарпін қолдаймыз! 

Болашағыңа ат салыс! 

«Латын әрпі - ұлттық кодымызды өркендетудің жолы»

Ерлан Саировтың фейсбуктағы жазбасына