14 там, 2018 сағат 09:06

Бүгін Қазақстанның үш өңірінде дабылды ескерту жарияланды

14 тамыз күні Қазақстанның үш өңірінде дабылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды "Қазгидромет" баспасөз қызметі.

Синоптиктердің болжамына сүйенсек, бүгін күндіз Ақтөбе облысында кей жерлерде күн күркіреп, оңтүстік-батыс және батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Ақтөбе қаласында күндіз күн күркіреп, батыстан соққан желдің екпіні 17 м/с болады. Дауылдың ықтималдығы – 65-70 %.

Қызылорда облысында да дауылдың ықтималдығы өте жоғары – 95-100%. Сейсенбі-бейсенбі аралығында жылдамдығы 15-20 м/с жел соғады.

Сондай-ақ, Қостанай облысының кей жерлерінде күн күркіреп, оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді.