06 шіл, 2017 сағат 08:33

Бүгін - Астана күні

Сарыарқа төсінде орын тепкен еліміздің бас қаласы – Астана 19 жасқа аяқ басты. Бүгін барша Қазақстан халқы елорда күнін мәнді де сәнді атап өтеді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Бүгін Қазақстанның елордасы – Астана күні. 1994 жылы ҚР Парламенті отырысында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев республиканың астанасын Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы ұсыныс жасады. 1997 жылы қазанның 20-ында астананы ауыстыру туралы Жарлыққа қол қойды. 1998 жылы мамырдың 6-ында Ақмола қаласының атауы Астана болып өзгерді. 1998 маусымның 10-ында жаңа елорданың халықаралық тұсаукесер рәсімі өтті. Бұл күн 2006 жылға дейін астананың туған күні ретінде аталып өтіп келді. 2006 жылдан бастап шілденің 6-ы Астана күні ретінде аталып өтеді.

 

Биыл қазақстандықтар Астана күнінде қатарынан төрт күн демалады. Ел тұрғындарына ыңғайлы болу үшін демалыс күні сенбіден, яғни 1 шілдеден жұмаға, 7 шілдеге ауыстырылды. Осылайша, қазақстандықтар 6,7,8, және 9 шілде қатарынан 4 күн демалады.

Қаланың байырғы атаулары: Ақмола (1830-дан 1961 жылдарға дейін), Целиноград – 1961-ден 1992 жылдарға дейін, Ақмола – 1992-ден 1998 жылға дейін.