#
#
Бейсенбі 13/12/2018

Бұдан былай зейнетке шығу үшін бір ғана өтініш жазу жеткілікті

  • 12.10.2018
  • 0
  • 1278

2018 жылдың қазан айынан бастап зейнет жасына жеткендер үшін зейнетақыны рәсімдеу тәртібі жеңілдеді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Енді зейнеткерлікке байланысты төлемдер тағайындау бойынша барлық мемлекеттік қызметтер «бір өтініш» принципі бойынша  «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетіледі.

Бұған дейін зейнет жасына жеткен азамат ХҚО-ға келіп, зейнеткерлік жасқа жеткені және базалық зейнетақы төлеу туралы 2 өтініш беретін, сосын бір айдан кейін қайтадан мемлекеттік кепіл төлем жасау туралы өтініш жазатын. Содан кейін  Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төлемдерді төлеу жайлы тағы  бір өтініш береді. Енді осы 4 қызмет үшін ХҚО-ға бір-ақ рет келіп, бір ғана өтініш тастаса жеткілікті.

Композиттік қызмет құрамына жасына байланысты зейнетақы тағайындау, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдері және БЖЗҚ-дан зейнетақы төлеу қызметтері кіріп отыр. Бұдан басқа, мемлекеттік кепілді төлемдерді төлеу проактивті түрде - адамның міндетті қатысуынсыз жүзеге асырылады.

Айта кету керек, 2018 жылдың 9 айында мемлекеттік корпорация мамандары зейнет жасына жеткендер бойынша 67 374 төлем, сондай-ақ 76 643 базалық зейнетақы мен 51 571  мемлекеттік кепілдік төлемдерін рәсімдеді.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться
БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар