28 қаң, 2019 сағат 16:12

БТА банкі қаржысын ұрлаған күдікті Өзбекстаннан экстрадицияланды

БТА банкі қаржысын ұрлау бойынша күдікке ілінген қазақстандық Өзбекстаннан экстрадицияланды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

"ҚР Бас прокуратурасы мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының қызметкерлері Өзбекстаннан қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Артур Трофимовты экстрадициялады ",- делінген ҚР Бас прокуратурасы таратқан ақпаратта.

Ұсталған азаматқа БТА банкінен ірі көлемде қаражат ұрлап, оны заңдастырды жəне ұйымдасқан қылмыстық топ құрып, басшылық жасаған деген күдік тағылуда.