03 нау, 2020 сағат 15:41

Британияның монета сарайы Джеймс Бондқа арнап 7 келілік монета шығарды

Ұлыбританияның Корольдік монета сарайы Джеймс Бонд туралы «Не время умирать» 25-ші фильмінің шығуына орай естелік монета мен құйма алтын топтамасын шығарды, деп хабарлайды The Independent сайты.

Топтамаға салмағы 7 келі алтын монета енген. Оның дизайнын Корольдік монета сарайының қызметкері Лаур Клэнси әзірлеген. Монетаның диаметрі – 18,5 см( немесе 7,2 дюйм). Бұл - Корольдік монета сарайы шығарған өзінің 1100 жылдық тарихындағы монеталардың ең үлкені әрі қымбаты. Оның номиналды құны - 7000 фунт.

Сондай-ақ топтамаға салмағы бір келілік және екі келілік алтын монеталар және күміс монеталар кіреді. Сонымен қатар, Джеймс Бонд туралы фильмдерге арналған әлемдегі алғашқы алтын және күміс құймалар шығарылды. Қымбат металл құймалары наурыз айының ортасында сатылымға түседі.

Жеті келілік монетада Бондтың Aston Martin DB5 маркалы көлігі оның танымал BMT 216A нөмірімен бейнеленген. Ал көліктің астында 007 нөмірі мен тапанша таңбасы көрсетілген.