#
#
Жексенбі 29/03/2020

Британиядағы 39 мигранттың өліміне қатысты Вьетнамда жеті адамға айып тағылды

  • 21.02.2020
  • 0
  • 111

Британияның Эссекс графтығында 39 мигранттың жүк көлігінен өлі табылуына байланысты Вьетнам полициясы ресми түрде жеті адамға айып тақты, деп жазады BBC агенттігі.

Бес ер адам мен екі әйел заңсыз көші-қонмен айналысқаны үшін айыпталып жатыр, деп хабарлайды Хатинь провинциясының полициясы.

Еске салайық, 2019 жылдың 23 қазанында Ұлыбританияның Эссекс графтығы Грейс қаласында көлік тоңазытқышынан 31 ер адам мен сегіз әйелдің мәйіті табылған еді. Қазір Эссекс полициясы Вьетнамда жүр.

Британия полициясының мәліметінше, адамдарға жүк көлігінде ауа жетпей, тар жерде қатты ысып кеткен. Қаза тапқандардың арасында 26 жастағы Фам Тхи Тра Май болған. Ол 22 қазанда отбасына тыныс ала алмай жатқанын айтып, хат жолдаған.

Адамдардың қаза табуына байланысты бірнеше адам тұтқындалды, солардың ішінде жүк көлігінің жүргізушісі Арма графтығының тұрғыны Морис Робинсон да бар.

Қараша айында Лондондағы Орталық қылмыстық сотта ол заңсыз иммиграцияға көмек көрсету және қылмыстық мүлікті сатып алу мақсатында сөз байласқанын мойындады.

Ұлыбритания полициясы адамдардың қаза табуына байланысты тағы үш адамға айып тақты. Олар 23 жастағы Имонн Харрисон және Кристофер Кеннеди, 49 жастағы Георге Ника.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар