30 мау, 2020 сағат 14:38

Британия экономикасы соңғы 40 жыл ішіндегі ең төменгі деңгейге дейін қысқарды

2020 жылдың басында Ұлыбритания экономикасы 1979 жылдан бергі ең төменгі деңгейге дейін қысқарды, деп хабарлайды Reuters.

Ұлттық статистика басқармасы Жалпы ішкі өнімнің қаңтардан наурызға дейін 2,2%-ға төмендегенін мәлімдеді. Бұл Reuters экономистерінің болжамынан да төмен болып шықты (2%). 

Премьер-министр Борис Джонсон сейсенбі күні Британия экономикасын қалпына келтіруді жылдамдату бойынша өз жоспарын ұсынады. Инфрақұрылымға 5 млрд фунт стерлинг (6,13 млрд доллар) инвестиция тарту көзделіп отыр. 

Англия банкі биыл экономикалық құлдырау соңғы үш ғасыр ішіндегі ең төменгі деңгейге жетуі мүмкін деп мәлімдеді.